"Burabai Invest Co" жауапкершілігі шектеулі серіктестігірны
Товарищество с ограниченной ответственностью «Burabai Invest CO»

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

⚜️16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні."Тұсау кесу"салт-дәстүрі

20.03.2024

⚜️16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Олай болса халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға беріліп отырған салт-дәстүрлеріне тоқтала кетейік.
Тұсаукесер – сәбидің өмір сапарының алды. Сәби еңбектенуден өтіп, тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасай бастаған кезде әр ата-ана "балам, тез жүріп кетсін" деген ниетпен келешегіне ақ жол тілеп, тұсауын кеседі.

Қазақ сәбидің тұсауын "көбейіп, көгере берсін" деп көк шөптен де есіп жасаса, "бай болсын, тоқ болсын" деген тілекпен малдың тоқ ішегінен де өрген. Бірақ көбіне "біреудің ала жібін аттамасын, өзгенің мал-мүлкіне, дүниесіне көз тікпесін, қол сұқпасын" деген тілекпен ақ пен қара жіпті айқастыра отырып, ала жіп дайындаған.

Осы орайда неге көк пен қызыл немесе жасыл мен сары жіп емес деген заңды сұрақ туындайды. Ақ пен қара – тіршіліктің нышаны. Өмірде барлығы қос-қостан, жұп болып жаратылған. Өмірдің өзі сынақ, ақ пен қара секілді жақсылық пен жамандық, ыстық пен суық, өмір мен өлім, аштық пен тоқтық үнемі қатар жүреді. Осының барлығын мінсіз жаратқан бір Алла ғана жалғыз.

Просмотров: 180

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст